Испания коронавирус құрбандарын еске алмақ

18 Маусым 2020, 07:45
1024
Бөлісу:
Испания коронавирус құрбандарын еске алмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания шілденің 16-сы күні коронавирустан көз жұмған азаматтарды еске алып, рухтарына тағзым ету шарасын өткізеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Педро Санчес мәлім етті.

Айта кетейік, Испания – коронавирустан ең көп зардап шеккен елдің бірі. Індет таралғалы Пиреней түбегінде дертке 291 мыңнан астам адам шалдығып, вирустан 27 мыңнан астам науқас көз жұмған. Корольдікте індеттің таралуы тек мамыр айында бәсеңдеп, карантинді жеңілдету қолға алынды. Маусымның 21-інен бастап Еуроодақ және шенген аймағына кіретін елдермен шекараны ашу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы