Исламхан "Зенитте" жүр: Клуб директоры ресми хабарлама жасады

17 Қаңтар 2020, 22:33
1951
Бөлісу:
Исламхан "Зенитте" жүр: Клуб директоры ресми хабарлама жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы "Зенит" клубының директоры Александр Медведев АБН тілшісіне Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның сынақтан өтіп жатқанын айтты.

Бауыржан қазіргі кезде "Зенит" командасымен бірге Катардағы оқу-жаттығу жиынына аттанған. 
Иә, әрине бұл рас, - деп жауап берді Александр Медведев.
Бірнеше күннен бері Бауыржан Санкт-Петербург клубының қатарында жүргенін отандық және ресейлік БАҚ жазған болатын. Қазақстан құрамасының капитаны 2019 жылдың соңында "Қайрат" клубымен келісімшарты аяқталған соң, еркін агент атанған еді. 26 жастағы футболшыға Ресейдің бірнеше клубы қызығушылық танытқаны туралы сыбыстар көп. Оның ішінде Мәскеудің "Локомотив" және Қазанның "Рубин" клубтары бар. 

Егер "Зенит" клубының бас бапкері Сергей Семактың көңілінен шығып, Бауыржан карьерасын Ресейде жалғастыруы ықтимал. Оның үстіне, 2020 жылдың шілде айынан бері қазақстандық футболшылар Ресейде легионер болып саналмайды.
Өзгелердің жаңалығы