Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданды?

12 Қазан 2021, 14:56
2241
Бөлісу:
Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Баға ахуалының тұрақтануына қарай бағалар бойынша дәліздің тарылуы күтілуде. Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды, - деді ол.

Оның айтуынша, автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды.

Сәуір айынан бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды. «АМӨЗ» ЖШС-ын жоспарлы жөндеу 2022 жылға ауыстырылды. «АМӨЗ» ЖШС мен «ПҚОП» ЖШС-ы 100 мың тонна қосымша мұнай көлемімен жүктелді. «ПМХЗ» ЖШС-ның мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімі ауыстырылды. Қазанның бірінші онкүндігінде қосымша 30 мың тонна дизель отыны алынды, - деді Әсет Мағауов.

Ол атағандай, 1 қыркүйектен қазанның алғашқы он күнінде барлығы 65,7 мың тонна дизель отыны алынған.

Өзгелердің жаңалығы