Ішкі істер министрі қызды құтқарған полицейлерді марапаттады

9 Қараша 2019, 17:16
3505
Бөлісу:
Ішкі істер министрі қызды құтқарған полицейлерді марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күні кеше Қарағандыда қызды құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкерлерін қабылдады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Ведомство басшысы полиция лейтенанты Ерасыл Мұрат пен полиция сержанты Бекзат Омашевқа жеделдік танытып, батылдық көрсеткені үшін алғысын білдіріп, полицейлерді ІІМ-нің "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапаттады.

Полиция қызметкерлерін марапаттау Нұр-Сұлтан қаласында Министрлік орталық аппаратының қызметтері мен бөліністер басшыларының қатысуымен өтті.


Мыңдаған жас қызметкерлер күн сайын азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етуде. Оларға әр түрлі жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді, олар атақ үшін емес, өзінің қызметтік және азаматтық борышына сәйкес батырлық әрекеттер жасайды. Сіздердің батыл істеріңіз осының дәлелі және барлық жеке құрамға үлгі, - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Естеріңізге сала кетейік, полицейлер балконның шатырынан секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалған болатын.

ІІМ қызметкерлері (құтқарушылар, полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері) жыл сайын оттан, суға батудан,  суицид әрекетінен және жазатайым оқиғалардан 10 мыңнан астам адамды құтқарады.


Өзгелердің жаңалығы