Ішкі істер министрі тағайындалды

11 Қаңтар 2022, 17:34
3096
Бөлісу:
Ішкі істер министрі тағайындалды
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ішкі істер министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

  • Туған күні: 14.08.1962
  • Туған жері: Алматы қаласы
  • Отбасылық жағдайы: Отбасылы, екі ұлы бар
  • Білімі: Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Заңгер мамандығын тәмәмдаған (1984). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономист мамандығын тәмәмдаған (2003). Заң ғылымдарының кандидаты.

1984-1986 жылдары – Қарағанды облысы Саран қаласының атқару комитетінің ІІБ Қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкері.

1986-1993 жылдары – Қызметкер, тергеуші, аға тергеуші, бастықтың орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы - Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

1993-1995 жылдары – Алматы қаласының ІІБ бастығының орынбасары

1995 жылы – Калинин АІІБ бастығы

1995-1996 жылдары – Бостандық ауданы МТК ББ бөлім бастығы

1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің Салықтық тергеу басқармасының бастығы

1997 жылы – Алматы ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің бастығы

1997 жылы – Жетісу полиция басқармасының бастығы

1997-2000 жылдары – Алматы ішкі істер басқармасының бастығының орынбасары

2000-2001 жылдары – ҚР ІІМ-нің 9-шы департаментінің бастығы

01.2001-02.2002 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»АҚ-ның басқарушы директоры

2002 жылы – ҚР ІІМ-нің 9-шы департаментінің бастығы

09.2002-04.2003 жылдары – ҚР ІІМ Криминалдық полиция басқармасының бастығы

04.2003-05.2006 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер басқармасының бастығы

05.2006-31.07.2006 жылы – ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы

2006 жылғы 31 шілдеден – Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы

12.2012-02.2019 жылдары – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары

12.02.2019 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрі

Мемлекеттік марапаттары:

2-дәрежелі «Айбын» (2005 ж.), 2 дәрежелі «Даңқ», 1-дәрежелі «Қайсар» ордені; ҚР Ішкі істер министрлігінің еңбегі сіңген қызметкері

Полиция генерал-майоры (05.2007).

Өзгелердің жаңалығы