Ішкі істер министрі ерлік көрсеткен полицейлерді марапаттады

12 Қыркүйек 2021, 16:03
1163
Бөлісу:
Ішкі істер министрі ерлік көрсеткен полицейлерді марапаттады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі ерлік көрсеткен полицейлерді марапаттады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы – әр адам үшін маңызды. Ал полицейлер әрбір отбасында тыныштық ұялап, азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі үшін күндіз-түні қызмет етеді. Құқық қорғау органдарындағы қызмет қауіпті және қиын екені құпия емес. Бірақ соған қарамастан, полицейлер өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрса да, азаматтарға көмекке келуге әрқашан дайын. Отбасы күні қарсаңында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев барлық жеке құрамды құттықтап, қиын жағдайларға тап болған адамдарды және тұтас отбасыларды құтқару кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен еліміздің әр өңірінен келген 12 қызметкерді марапаттады.
Біздің қызметкерлеріміз өз өмірлерін қауіп-қатерге тіге отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалады. Өйткені бейбітшілік, қауіпсіздік және азаматтардың полицейлерге деген сенімі – біздің қызметтік парызымыз бен міндетіміз, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Ерлан Тұрғымбаев, өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету – бұл ішкі істер органдарының күнделікті қызметі екенін атап өтті. 

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері тәуелсіздік алғаннан бастап, 1567 мемлекеттік наградаға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы