Бас жаңалықтар
Исекешев Елбасы Қорының атқарушы директоры болды
25 Наурыз 2019, 22:37 321

Исекешев Елбасы Қорының атқарушы директоры болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы 17 қазанда дүниеге келген.

Білімі: 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді.

2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі.

2006-2007 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2007-2008 жылдары – «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

2009 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.

2010 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылғы 6 тамыздан бастап – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі.

2016 жылғы 21 маусымнан бастап – Астана қаласының әкімі.

2018 жылғы 10 қыркүйектен 2019 жылғы 24 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы болып қызмет атқарды.


Сізден жаңалық