Дәрігерлер БАҚ арқылы нақты, бірізді мәлімет беруі керек – Президент

8 Шілде 2020, 20:48
1068
Бөлісу:
Дәрігерлер БАҚ арқылы нақты, бірізді мәлімет беруі керек – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жасаған үндеуінде айтты.

Тағы бір маңызды мәселе – дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Мұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек, - деді президент.

Мемлекет басшысы  Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылатынын, құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатынын еске салды. 

Сол сияқты дәрі-дәмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес, жауапқа тарта бастады. Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай тиісті қор жасақталған, төсек-орындары, медициналық қызмет көрсету ісі де толығымен қамтамасыз етіледі, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы