Қарағанды облысындағы Су-30СМ әскери ұшағының апатқа ұшырау себебі айтылды

21 Сәуір 2021, 12:05
1840
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы Су-30СМ әскери ұшағының апатқа ұшырау себебі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арнайы комиссия Қарағанды облысындағы Су-30СМ әскери ұшағының апатқа ұшырау себебін анықтап жатыр. Су-30СМ ұшағы құстарға соғылып, апатқа ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Арнайы комиссияның алдын ала болжамына сәйкес, әскери ұшақ құстарға соғылуы ықтимал.

Ірі құстар авиация үшін қауіпті. Ұшақтың трубиналары жолындағы барлық затты ішке тартады. Мұндай жағдайда құстар ұшақтың қозғалтқышын зақымдайды. Негізінен мұндай апат ұшу және қону кезінде болады. Құс қозғалтқышқа соғылса, ол сөніп қалады. Ал құстар соғылса, екі қозғалтқыш та істен шығады. Бұл авиацияда қауіпті жағдай саналады. Әскери ұшақтардың жылдамдығы жоғары. Сондықтан оның қозғалтқышына құс соғылса, оның зардабы ауыр болады, - делінген хабарламада.

Ведомство құстардың ұшаққа соғылуы авиацияда шешімін таппаған мәселенің бірі екенін атап өтті. Статистикалық дерекке сәйкес, жыл сайын әлемде 5 мыңнан аса ұшақ құстарға соғылады. Сондай-ақ министрлік Қарағанды облысында апатқа ұшыраған Су-30СМ ұшағының ұшқыштары мұндай жағдайға жол бермес үшін тиісті әрекет жасағанын жеткізді.

Ұшқыштар ұшақты басқару кезінде тиісті әрекет жасады. Бірақ олардың өміріне қауіп төнді. Ұшақ басқаруға келмей, ішінен түтін шыға бастаған. Ұшқыштар тұрғындар мен нысандарға соғылу қаупі жоғын ескере отырып, катапульта жасау туралы шешім қабылдаған. Авиацияда «ескі техника» деген түсінік жоқ. Өйткені, барлық авиациялық техника регламентке сәйкес, зауыттарда жөндеуден өтеді. 4++ буынды Су-30СМ көпфункционалды әскери ұшағы 2015 жылдан бастап қайта жарақтандыру бағдарламасына сәйкес, пайдаланыла бастады. Осы үлгідегі ұшақтардың пайдалану мерзімі әлі өткен жоқ, - деп мәлімдеді мекеме өкілдері.

Әскери ұшақтағы 2 ұшқыш та кәсіби тәжірибесі бар мамандар. Олар Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері Әскери институтын бітірген. Екі маман да әуеде шамамен 1500 сағат ұшқан.

Айта кетейік, 16 сәуірде Қарағанды облысында Су-30СМ әскери ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Өзгелердің жаңалығы