Ирандағы уран өндіретін зауытта өрт болды

4 Шілде 2020, 04:35
1017
Бөлісу:
Ирандағы уран өндіретін зауытта өрт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранның Натанз қаласындағы уран өндіретін зауытта өрт болды, деп хабарлайды "Хабар 24"

Оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат екінің кезінде басталған. Әйтеуір зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ. Қазір өрттің не себептен шыққанын анықтау үшін тергеу басталды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, зауыт өз жұмысын жалғастыруда. Кей маманның болжамы бойынша, өрт қасақана ұйымдастырылған болуы мүмкін.

Айта кетейік, Натанз қаласындағы уран өндіретін зауыт – Иранның басты ядролық нысандарының бірі. Әдетте оның жұмысын БҰҰ-ы жіті қадағалап отырады.

Өзгелердің жаңалығы