Иранда халықты вакциналау басталады

7 Ақпан 2021, 23:46
1073
Бөлісу:
Иранда халықты вакциналау басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранда алдағы күндері коронавируске қарсы екпе егу басталады. Бұл туралы Иран президенті Хасан Рухани мәлімдеді, деп хабарлайды IRNA агенттігі. 

Барлық ұйымдар коронавируске қарсы вакциналауға дайындалды және вакцинаның алғашқы топтамасы елге жеткізілді, - деді ол коронавируске қарсы ұлттық штабтың отырысында. 

Руханидің сөзінше, елде коронавируске қарсы вакцина егу 10 ақпанға дейін басталады. Бірінші болып дәрігерлер, медицина қызметкерлері, қарттар мен тұрғындардың осал топтарына екпе жасалады. 

Иранда қазіргі күнге дейін 1 млн 452 мың 380 адам коронавирус жұқтырды, оның 58 336-сы қайтыс болды.  Еске сала кетсек, осыған дейін Иран «Спутник-V» вакцинасын алдырғанын хабарлаған едік.


Өзгелердің жаңалығы