Иранда «Әл-Каида» басшыларының бірі жойылды

14 Қараша 2020, 11:03
1846
Бөлісу:
Иранда «Әл-Каида» басшыларының бірі жойылды

Алматы, BAQ.KZ.  Тегеранда үш ай бұрын «Әл-Каида» террористік ұйымы басшыларының бірі Абдулла Ахмед Абдулланың көзі жойылды. Бұл туралы The New York Times басылымы барлау қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Мәліметте Абдулла Ахмед Абдулланың көзін жою опреациясын АҚШ бастамасымен Израил арнайы қызметі іске асырғаны айтылады. 

7 тамыз күні Абдулланы мотоциклмен кетіп бара жатқан екі адам атып өлтірген. Ол 1998 жылы Африкадағы Америкадағы елшілікке шабуыл жасауға қатысқан, - делінген хабарламада.

27 қазан күні АҚШ барлаушылары көптен бері іздеуде жүрген «Әл-Каида» мүшесі Әбу Мухсин әл-Масриді Ауғанстанда көзін жойғанын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы