Иранда 10 күндік локдаун жарияланды

11 Сәуір 2021, 08:40
1437
Бөлісу:
Иранда 10 күндік локдаун жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай шешім елде өршіп бара жатқан коронавирусты тезірек ауыздықтау үшін шұғыл қабылданған.

Шектеулер 20-дан астам провинцияны қамтып отыр. Кәсіпорындар, мектептер, театрлар мен спорт орталықтары жабылады. Сондай-ақ Рамазан айы кезінде жиналуға тыйым салынбақ.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, Иранның 80 пайыздан астамы «қызыл» және «сары» аймақта. Мұнда соңғы аптада күніне 20 мың адамнан вирус анықталып жатыр. Жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны 2 миллионнан асады.

Сіздерге хабарлағым келетіні – бізде індеттің төртінші толқыны басталды. Бұған бірнеше фактор әсер етті. Ең негізгісі – коронавирустың британиялық штаммының таралуы, – деді Иран президенті Хасан Рухани.


Өзгелердің жаңалығы