Иран жаңа қанатты зымыранын таныстырды

3 Ақпан 2019, 13:42
2178
Бөлісу:
Иран жаңа қанатты зымыранын таныстырды

Астана, BAQ.KZ. Иран 1300 шақырымға дейінгі радиус аумағында соққы бере алатын жаңа қанатты зымыранын таныстырды. Бұл туралы kazislam.kz сайты жергілікті телеарнаға сілтеме жасап хабарлады.

Қарудың жаңа түрі Тегеранда ислам революциясының 40 жылдығын атап өту шарасы кезінде көрсетілген. Жаңа ракета төмен биіктікте ұшып, жоғары дәлдікке ие.

Жаңа зымыран тұсаукесеріне Иранның Қорғаныс министрі Әмір Хатами қатысқан.

Хатамидің айтуынша, мемлекет зымыран жүйесін тек қорғаныс мақсатында дамытып отырғанын айтып келеді.

Өзгелердің жаңалығы