Иран ядролық келісімді сақтап қалу үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын

23 Тамыз 2019, 14:45
1553
Бөлісу:
Иран ядролық келісімді сақтап қалу үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеран ядролық келісімді сақтап қалу бойынша Франциямен жұмыс істеуге әзір. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетсек, бұған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон Тегеранға қарсы санкциялық қысымды азайтуды немесе Ислам Республикасы халқының жақсы өмір сүруіне мүмкіндік беретін жолдарды қарастыруды ұсынған еді.

Бірақ ол үшін Иран ядролық келісім шарттарын толықтай орындауы қажет болады. Аталған проблема АҚШ-тың ядролық келісімнен біржақты шығуынан соң шиеленісе түскен еді.




Өзгелердің жаңалығы