Иран соққысынан АҚШ-тың 109 әскері зардап шекті – Пентагон

11 Ақпан 2020, 09:45
1929
Бөлісу:
Иран соққысынан АҚШ-тың 109 әскері зардап шекті – Пентагон

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың қорғаныс ведомствосы Иран қарулы күштерінің Ирактағы Американың әскери базасына соққы жасағаннан зардап шеккендер санын жариялады.

8 қаңтарға қараған түні  Иранның зымыран соққысынан америкалық 109 әскер бас сүйек-ми жарақатын алған. Бұл туралы 10 ақпанда Пентагон баспасөз қызметі хабарлады.
АҚШ-тың 109 әскери қызметкеріне бас сүйек-ми жарақатын алғаны үшін емделді. Олардың ішінде 76 адам қазір қызметіне оралды, - деп хабарлады ведомствода.

Зардап шеккен 27 адам Германияға ем қабылдау үшін жіберілген, кейін олардың ішінен 21 адам АҚШ-қа кеткен. Ал біреуі Иракқа қайтып, қызметтік міндеттемелеріне кіріскен.

Айта кетсек, 8 қаңтар күні Иран Ирактағы екі әскери базаға зымыранмен шабуыл жасады. Онда АҚШ әскерилері болған. Бұл соққы 3 қаңтарда Бағдадта иран генералы Касем Сулейманидің өліміне кек алу үшін жасалған.
Өзгелердің жаңалығы