Иран Израильді ядролық бағдарламаны жасаушыны өлтірді деп айыптады

28 Қараша 2020, 17:37
911
Бөлісу:
Иран Израильді ядролық бағдарламаны жасаушыны өлтірді деп айыптады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран президенті Хасан Роухани Израильді Иранның ядролық бағдарламасын жасаушылардың бірі- жоғары дәрежелі ядролық ғалым Мухсин Фахризадені өлтірді деп айыптады. Бұл туралы ол ұлттық теледидар эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Мемлекет басшысы бұл қылмыс елдегі атом саласының дамуына әсер етпейтініне уәде берді. 

Оның шейіт болуы біздің жетістіктерімізді тоқтатпайды, — деп қорытындылады Роухани.

Айта кетейік, 27 қарашада Иранның қорғаныс министрлігі жанындағы зерттеулер мен инновациялар ұйымын басқарған ирандық ядролық ғалым Мохсен Фахризадені Тегеран маңында өз көлігінде атып кеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы