Иран: Біз АҚШ-тың кез келген агрессиясына төтеп береміз

23 Маусым 2019, 11:46
1667
Бөлісу:
Иран: Біз АҚШ-тың кез келген агрессиясына төтеп береміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран АҚШ-тың кез келген агрессиялық шабуылына төтеп беруге дайын. Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Аббас Мусави осылай деген. Бұл туралы Tasnim агенттігі хабарлайды.

«Біз қандайда бір шешімге қарамастан, Ислам Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға жол бермейміз. Біздің шешімдеріміз олардың жоспаларына тәуелді емес және кез келген агрессияға қарсы тұрамыз», - деді Аббас Мусави.

Тегеранн Американың ұшағын соққаннан кейін АҚШ шабуыл жасауды көздеп отыр. Алайда соңғы сәтте Дональд Трамп Иранның аумағындағы ереуілді тоқтату туралы бұйрық берді. АҚШ президенті бұл шешімді өзгертуін бұл соққы бірден 150 адамды өлтіруі мүмкін екенін айтып түсіндірді.

18 маусымда Вашингтон Таяу Шығыстағы әлеуетті қатерлерді жою үшін қосымша күштер жіберу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы