Ирактан елге оралған балалар туыстарымен кездесті

12 Желтоқсан 2019, 17:19
5710
Бөлісу:
Ирактан елге оралған балалар туыстарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында "Бәйтерек" монументінің басында 27 қараша күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға қайтарылған балалар жақын туыстарына берілді.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко, ҚР Білім және ғылым Министрінің балалар құқығы жөніндегі Кеңесшісі Раиса Шер және т.б. қатысты.

Балалар еліміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында "Бәйтерек" басында өз туыстарымен қауышуы өте символикалық мәнге ие. Балалар "Бәйтерек" мүсінін өз суреттерінде салып, оның ішінде болуды, еліне оралуды армандап келген. Бүгін сол армандарының барлығы орындалып, елге оралып, "Бәйтерек" ішін аралап, өз туыстарымен қауышты. Әр қазақстандық баланың періште арманы орындалуы тиіс және мемлекет те соған мүдделі.

Сондай-ақ, Қазақстандық дипломаттар бірлестігі мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі атынан балаларға естелік сыйлықтар берілді.

Алдағы уақытта олардың болашағы мемлекет тарапынан бақылауда болады. Олар еліміздегі барлық балаларымен бірге жалпы білім беру мекемелерінде еш кедергісіз білім алатын болады.

Өзгелердің жаңалығы