Ирактың базаларына жасалған шабуылдан АҚШ-тың 50 әскері зардап шекті

29 Қаңтар 2020, 11:22
1221
Бөлісу:
Ирактың базаларына жасалған шабуылдан АҚШ-тың 50 әскері зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін 34 адам зардап шеккені туралы хабарланды. Пентагон бұл көрсеткіш ұлғаюы мүмкін деп отыр.

АҚШ-тың елу әскери қызметкері Иранның америкалық әскери базаларына жасаған зымыран шабуылынан зардап шекті. 

Бұл туралы Пентагонның ресми өкілі генерал-полковник Томас Кэмпбелл мәлімдеді.

Оның айтуынша, 50 әскердің бас сүйегі жарақат алған. Генерал-полковник зардап шеккендердің саны өсу мүмкін екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы