Бас жаңалықтар
Ипотекалық несие алу үшін алғашқы жарна жинауға қанша уақыт кетеді?
23 Қазан 2019, 18:41 360

Ипотекалық несие алу үшін алғашқы жарна жинауға қанша уақыт кетеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1-тоқсанында Қазақстанның барлық өңірінде орташа жалақы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құнынан төмен болған, деп хабарланды іnbusiness.kz сайтында.

Әдетте ипотекалық несие алу үшін тұрғын үй құнының кем дегенде 20%-ын алғашқы жарна ретінде банкке беру керек. Мәселен, бастапқы нарықта аумағы 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтер 10 млн теңге тұрады делік. Осындай пәтерді сатып алу үшін банкке бастапқы төлем ретінде 2 млн теңге беруіңіз қажет.

Ай сайын депозитке 30 мың теңгеден салып отырсаңыз, бұл соманы жинауға шамамен бес жыл алты ай уақытыңыз кетеді. Ал егер 50 мыңнан жинасаңыз, үш жылдан сәл астам уақыт ішінде қажет соманы қолыңызға аласыз, ал 100 мыңнан жинау мүмкіндігіңіз болса, бір жарым жылда-ақ алғашқы жарнаңыз дайын болады.

Krisha.kz және ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың 1-тоқсанында еліміздің барлық өңірінде орташа жалақы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құнынан төмен болған. Тек Атырау мен Ақтауда ғана жалақы жоғары болғаны анықталды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...