Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі ұзартылды

10 Қаңтар 2019, 12:56
1537
Бөлісу:
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі ұзартылды

Астана, baq.kz. 2019 жылғы 10 қаңтарда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 48,5 млрд теңге сомаға 5 908 өтінімді мақұлдап, 35,1 млрд теңге сомаға 4 540 қарызды қайта қаржыландырды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша:

Бағдарлама екі бөліктен тұрады.

1) Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі
130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 159,7 млрд теңге сомаға 25 807 қарызды мақұлдап, 139,7 млрд теңге сомаға 23 950 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 237,6 млрд теңге сомаға 31 781 өтінім қабылданды.

Өңірлер мен банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://nationalbank.kz/?docid=1310&switch=kazakh.

2) Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы
18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделіп отыр.

2019 жылғы 10 қаңтарда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 48,5 млрд теңге сомаға 5 908 өтінімді мақұлдап, 35,1 млрд теңге сомаға 4 540 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 101,7 млрд теңге сомаға 8 078 өтінім қабылданды.

Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 қаулысымен Банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ғана ұзартылды, қарыз алушының/қоса қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2019 жылғы 1 шілдені қоса алғанға дейін белгіленді. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.

Өңірлер мен банктер бойынша толығырақ ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1310&switch=kazakh.

Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің Бағдарлама талаптарын түсіндіру бойынша халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс нөмірлері Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған. Байланыс нөмірлеріне мына сілтеме: http://www.nationalbank.kz/?docid=1310&switch=kazakh бойынша қолжеткізуге болады.

Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктердің тиісті филиалдарына олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз. Филиалдардың байланыс нөмірлеріне «Байланыс нөмірлері» бөлімінде мына сілтеме: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=kazakh бойынша қолжеткізуге болады. Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде мына сілтеме: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=kazakh бойынша танысуға болады.

«7-20-25» Бағдарламасы бойынша:

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша қарыз алуға 77,7 млрд теңге сомаға 6 667 өтініш қабылданды. Оның ішінде 48,5 млрд теңге сомаға қарыз беруге 4 055 өтініш мақұлданды.

Бағдарламаның талаптарымен http://www.nationalbank.kz/?docid=3539&switch=kazakh сілтемесі бойынша танысуға болады.

Егер Сіздерде бағдарламалар бойынша сұрақтар туындаса, Сізден Қазақстан Ұлттық Банкіне:

- 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй; e-mail: hq@nationalbank.kz мекенжайы бойынша ресми өтініш білдіру арқылы;

- Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіру арқылы, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін Қазақстан Ұлттық Банкі тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесіне олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз;

- «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы өтініш білдіруді сұраймыз. Google Play Market арқылы жүктеу үшін сілтеме: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals; AppStore арқылы жүктеу үшін сілтеме: https://itunes.apple.com/kz/app/nbk-online/id1134502211?ls=1&mt=8.

Егер Сіздерде «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-қа www.baspana72025.kz. өтініш жасауды сұраймыз Сall-орталық + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы