Иорданияда «Спутник V» вакцинасы мақұлданды

10 Наурыз 2021, 22:35
1493
Бөлісу:
Иорданияда «Спутник V» вакцинасы мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы Иорданияда қолданылатын болды.

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Сәрсенбіде азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер сапасын бақылайтын ұйым шұғыл түрде коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының елде қолданылуына рұқсат берді, - делінген Иорданияда дәрі-дәрмектердің қолданылуына жауапты реттеуші органның хабарламасында.
Еске салсақ, ресейлік вакцина әлемнің 40-тан астам елінде мақұлданды. Бұған дейін аталған вакцинаның Солтүстік Македонияда қолданылатыны анықталды.


Өзгелердің жаңалығы