Бас жаңалықтар
«Інжілді құрметтемейді»: АҚШ-та ер адам анасы мен ағасын өртеп жіберді
27 Шілде 2021, 22:24 1181

«Інжілді құрметтемейді»: АҚШ-та ер адам анасы мен ағасын өртеп жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та 40 жастағы ер адам шешесі мен ағасы тұратын үйді жанармай шашып, өртеп жіберген.

Лента.ру таратқан ақпаратқа сенсек, Техас штатындағы Эль-Пасо қаласының тұрғыны Филипп Миллсті жергілікті полиция ұстап, оны осы оқиғаға кінәлі деп айыптап отыр. Филипп 82 жастағы анасы Аннет пен 54 жастағы ағасы Пол Миллсті өртеп өлтірмек болған.

Полицейлердің айтуынша, Миллс үй өртеніп жатқанда қолына үлкен тас ұстап тұрыпты. Егер анасы мен ағасы сыртқа шығып үлгерсе, қолындағы таспен ұрып өлтіруді көздеген. Ағасы қаза тапса, анасы жанып жатқан ғимараттан әрең қашып үлгерген. Бүгінде ауыр халде ауруханада жатыр.

Филипп Миллс өз кінәсін мойындаған. Оның туғандарына қастандық жасауының жалғыз себебі - олар «Інжілді құрметтемейді». Сол үшін өлтірмек болған. Шешесінің тірі қалғанын естігенде, «сәтсіз әрекет болды-ау» деп қарқ-қарқ күлген екен.



Фото: дереккөз
Загрузка...