Инвесторларды оқытуға арналған жеке онлайн мектеп іске қосылды

15 Қыркүйек 2020, 13:44
2263
Бөлісу:
Инвесторларды оқытуға арналған жеке онлайн мектеп іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі инвесторларды оқытуға арналған жеке онлайн мектебін іске қосады. Investors School - бұл бизнес иелері үшін венчурлық инвестициялау бойынша қарқынды оқыту курсы. Оқыту курсы 12-14 қазан аралығында ZOOM онлайн-платформасында өтеді. 

Курс бағдарламасы технологиялық компанияларды бағалау және инвестициялау әдістемесі туралы тұтас идеяны қалыптастыруға бағытталған.
Қатысушылар үшін басты шарт - меншікті капиталдың болуы және венчурлық қаржыландыру саласында жаңа білімге ұмтылу, инвестиция салуды бастау ниеті. Курсқа капиталы бар ірі бизнес иелері, инвестициялық мәмілелерде тәжірибесі жоқ азаматтар, корпоративтік сектордың топ-менеджерлері, табысты кәсіпкерлер қатыса алады.

Бағдарламаның екі ағынының қорытындысы бойынша инвестор мектебінде 81 инвестор мен бизнес-періште оқытылды. Investors School-ға қатысу үшін барлығы 580-ден астам өтінім қабылданды.

Онлайн-инвесторлар мектебінің түлектері оқу қорытындысы бойынша осы жылдың 13 қарашасында ZOOM онлайн платформасында өтетін Astana Hub-тан эксклюзивті Invest Day-ға шақыру алады. Invest Day - бұл инвестициялық тартымды стартаптар мен технологиялық жобаларға қаражат салуға дайын венчурлық инвесторлар үшін бизнес-платформа.

Стартаптарға қойылатын негізгі талаптар - технологиялық шешімнің, жұмыс өнімі мен клиенттердің болуы. Стартап саласында шектеулер жоқ. Қазақстанның экожүйесінің үздік он стартабы әлеуетті инвесторлар мен бизнес-періштелер алдында жобаның презентациясын жасайды. Іс-шараға қатысу сіздің жобаңыз үшін инвестор табуға мүмкіндік береді. Invest Day шарасына қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі - 1 қараша.



Өзгелердің жаңалығы