Бас жаңалықтар
Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 122-орында
24 Ақпан 2020, 08:45 251

Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 122-орында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WebsiteToolTester компаниясының қызметкерлері интернет жылдамдығы бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтында жарияланды.

Интернет жылдамдығы бойынша үздік бестікте - Тайвань, Сингапур, Джерси аралы, Швеция және Дания.

Қазақстан тізімде Бруней, Бразилия, Армения және Мьянмадан кейін 216 елдің ішінде (секундына 4,66 мегабит) 122-орынға ие болды.

Компания жүргізген есеп бойынша, бес гигабайт видео жүктеу үшін Қазақстанда орта есеппен екі сағат және 26 минут қажет болады. Салыстырып көрсек, Тайваньда орташа жүктеу жылдамдығы секундына 85 мегабит. Мұндай жылдамдықпен видео жүктеуге сегіз минут қана қажет.

Интернеті ең нашар елдердің қатарында Эфиопия, Түрікменстан, Мавритания мен Йемен бар, бұл елдерде интернет жылдамдығы секундына 300 килобитке тең. Сонда бес гигабайт видео 30 сағатта жүктеледі екен.


Фото: дереккөз
Загрузка...