Интернет сапасын жақсартуға байланысты қандай жұмыстар жүргізілмек?

7 Сәуір 2020, 14:13
1972
Бөлісу:
Интернет сапасын жақсартуға байланысты қандай жұмыстар жүргізілмек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов елдегі интернет сапасына қатысты пікір білдірді. 

Бүгінде елдегі төтенше жағдай әсерінен байланыс қызметіне сұраныс пен талап күшейіп отыр. Бүкіл әлемде интернет арналарына салмақ артуда. Қазақстанда да трафиктің өсуіне интернет абоненттерінің белсенділігі, интернет дүкендердің тауарларға деген тапсырысының артуы, жаңа абоненттердің қосылуы, видеоконтент аясының артуы, үйден онлайн жұмыс істеуге көшу және оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуға ауысуы әсер етіп отыр. Осы факторлар сыртқы интернет трафиктің 20 пайыздан аса артуына, ішкі қазақстандық арналардың жүктелуіне әкеп соқты. Сондықтан, біз өз тарапымыздан қолдан келгенше барлық мүмкіндікті қолдана отырып, байланыс  сапасын арттырудамыз. Бұл орайда байланыс операторлары интернет арналарын кеңейту үшін тиісті шараларды қолдануда. Сыртқы арналар 20 пайызға кеңейтілген және сапасын бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр, - деді вице министр. 
Сонымен қатар, Дарын Тұяқов елордадағы интернет сапасын жақсартуға байланысты қандай жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Нұр-Сұлтан қаласындағы интернет сапасының нашарлауына қатысты айтар болсам, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, базалық станциялар алынып тасталды.  Мысалы, ЭКСПО аймағында. Осыған байланысты қаланың интернет сапасы нашар жерлерінде қосымша базалық станция орнату мәселесі қала әкімшілігімен бірлесіп пысықталуда. Базалық станцияны орнату үшін электрмен жабдықталған жер бөлу керек. Сондықтан, бұл сұрақ қала әкімдігімен бірлесе орындалады. Қазір қаланың 5 жерінде антенна орнатылып, электрмен жабдықталды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы