Интернет неге бұғатталғаны айтылды

6 Қаңтар 2022, 12:41
807
Бөлісу:
Интернет неге бұғатталғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан уақытша офлайн режимде, елде интернетке қолжетімділік шектелді. Әлеуметтік желі мен өзге мессенджерлер істемейді. Тек ұялы байланыс желілері арқылы байланысқа шығуға болады. 

Заңға сәйкес, ТЖ кезінде мемлекеттік органдар интернеттің жұмысын уақытша тоқтата алады. Билік өкілдері бұл шешім халықтың құқығын шектеуге емес, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Сондай-ақ Қазақстан адам құқығы саласындағы барлық талапты орындауға мүдделі. Республикадағы азаматтардың барлық құқығы қорғалады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, олар еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты халықаралық серіктестерімен үнемі байланыста отыр. 

СІМ мәлімдемесінде Қазақстан барлық этникааралық халықтың құқығы мен қызығушылығын қорғайды деп жазылған. 

Өзгелердің жаңалығы