Бас жаңалықтар
Интернет нашар. Қуат Хамитовтің соты кейінге қалдырылды
20 Қаңтар 2021, 13:21 216

Интернет нашар. Қуат Хамитовтің соты кейінге қалдырылды

Алматы, BAQ.KZ. Спортшы интернетке кіре алмады. Сондықтан оның адвокаты сотты кейінге қалдыруды сұрады. 

Қуат Хамитовтің ісі Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында онлайн-режимде қаралып жатыр. Спортшының өзі жиынға қатыспады.

Адвокат интернеттің нашарлығына байланысты сотты кейінге қалдыруды сұрады. 

Сот мырза, интернет өте нашар. Хамитов қосыла алмады, - деді адвокат.

Прокурор да басты айыпталушының қатысуынсыз сотты өткізуге болмайтынымен келісті. Нәтижесінде сот кейінге қалдырылды. Өтетін күнін кейін хабарлайды. 

Бұған дейін Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатқанын және үш жылға қамалуы мүмкін екенін хабарлағанбыз. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы 3-бөлігінің (Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру) санкциясы үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. 

Айта кетейік, былтыр ол қыркүйек айында тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған еді.

Кеше адамдар тағы да дезинфекция жасай бастады. Халықты улап жатыр. Бұл адамдарды көрсеңіздер тепкінің астына алыңдар, таспен, таяқпен ұрыңдар. Халықты улауын доғарсын. Ал тозаң шашып жүрген тікұшақ көрсеңдер, автоматпен атып түсіріңдер. Бәрі соғыстағыдай: біреулерді тоқтатсақ, мың адамды құтқарамыз, - деген еді видео-мәлімдесінде Қуат Хамитов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...