Интернет алаяқтарға атыраулықтар көп алданады

24 Мамыр 2021, 19:07
2279
Бөлісу:
Интернет алаяқтарға атыраулықтар көп алданады

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда интернет алаяқтық көбейген. Құзырлы органдардың мәліметінше, өткен жылдармен салыстырғанда 50 пайызға артқан. Жыл басынан бері алаяқтық қылмыс бойынша 720 іс тіркелсе, оның 407-сі интернет арқылы алданғандар.

Атыраудағы интернет-алаяқтықтың көп кездесетін түрлері «Instagram», «Facebook», «Olx», «Доходный бизнес», «Колеса КЗ», «Крыша КЗ» және тағы басқа интернет парақшаларындағы жұмысқа орналастыру. Әртүрлі киім кешек, жиһаз, зергерлік бұйымдарды, автокөліктің қосалқы бөлшектерін сату, онлайн несиелер рәсімдеу, ақшаны екі есе көбейтіп беру жөнінде жарнамалар. Осы сенімсіз хабарламаларға «Каспи» банк қосымшасы арқылы алдын ала ақша аударып, алданады. Осынның алдын алу мақсатында облыс көлемінде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Нәтижесінде бұрынғы жылдарда жасалған 21 құқық бұзушылық ашылып, қазіргі кезде тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - дейді Атырау облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Аман Ізмағамбетов.

Полицейлердің айтуынша атыраулықтарды өзге аймақтағылар көп алдайды екен. Тіпті есеп-шоттарындағы қомақты қаражаттарын жымқырған. Мұның барлығы халықтың жеке құжаттары мен цифрлық құрылғылардағы мәліметтерге салғырттығы дейді құқық қорғаушылар.

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес ақпараттық технологиялармен жасалатын алаяқтықтың алдын алу, оны тергеу және ашу бойынша 2021-2022 жылға арналған бағдарлама жасақталды. Бұл бағдарламаның шеңберінде жан-жақты жұмыстар жасалып жатыр. Халық арасында брошюралар таратылуда, сонымен қатар Атырау облысы аумағында орналдасқан базарларда, ірі сауда орталықтарында үнемі түрде аудио-бейнероликтер жария етілуде. Ашылған істерді зерделеу барысында бұл қылмыстардың барлығын басқа облыстардың тұрғындары жасағаны анықталды. 13 эпизодпен Өскемен қаласының азаматы ұсталды. 8 факті бойынша қылмыс жасаған павлодарлық анықталды, - дейді Атырау облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Нұрмұхамбет Муталиев.


Өзгелердің жаңалығы