Интернат үйінің тәрбиешілері мүгедек балаларды ұрып-соққан

29 Наурыз 2019, 18:15
2831
Бөлісу:
Интернат үйінің тәрбиешілері мүгедек балаларды ұрып-соққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы прокуратурасында мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету интернатында жүргізілген тексеру нәтижелері талқыланды. Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасының ресми сайты жазды.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 98 бала тұратын интернатта мүгедек балаларды қатыгездік таныту арқылы күш қолдану фактілері анықталып отыр.

Аталған интернаттың тәрбиешілері біраз уақыттан бері балаларды ұрып соғып келіп, мәжбүрлі түрде жұмыс жасатқан.

Олар физикалық түрде жетіспеушіліктеріне байланысты ешкімге ештеме айта алмаған.

«Оларды тіпті бейнебақылау камералы тұрса да тоқтатпаған. Өкінішке орай, 2018 жылдың желтоқсан айынан осы жылдың қаңтар айына дейінгі жазылымдар ғана сақталған, бірақ бұл да сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізуге жеткілікті болды», - деп айтып өтті облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігіне (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сәйкес полиция органдарымен жүргізілуде.

Балаларға қатысты қатыгездік таныту арқылы күш көрсеткен интернат тәрбиешілері өз жұмыс орындарынан уақытша шеттетілді.

Қылмыстық іс облыс прокурорының жеке бақылауында.





Өзгелердің жаңалығы