Бас жаңалықтар
Әлем елдері инновациялық экожүйені дамытуға күш салып отыр – шетелдік сарапшы
31 Қаңтар 2019, 15:58 1158

Әлем елдері инновациялық экожүйені дамытуға күш салып отыр – шетелдік сарапшы

Алматы, BAQ.KZ,тілшісі. Қазір әлемнің барлық елдері цифрландыру, екожүйені дамытуға мүдделі және ол жаһан бойынша трендке айналып отыр. Алматыда осы тақырыпта өтетін форум стартап саласын одан ары ілгерілетіп, дамуына жағдай жасайды. Бұл жайында Tech Nation халықаралық консалтингінің басшысы Стефан Кьюстер Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде айтты.

Оның айтуынша, қазір әлемнің барлық елдері цифрландыру, инновациялық экожүйені дамытуға күш салып отыр және бұдан Қазақстан да қалыс қалмақ емес.

«Бұл бағыт өте жылдам даму үстінде, біз соның барлығын қабылдап, қалып қоймауға тырысуымыз керек. Сондықтан әр мемлекет пен қала инновациялық дамуды қалап отыр»,-дейді Британиядан келген сарапшы. 

Сонымен қатар ол, жалпы әлем бойынша барлық стартаптар да даму үстінде екенін және Қазақстанның стартап жүйесі де жас болғанына қарамастан алға жылжып келе жатқанын жеткізді. Оған айғақ ретінде ертең Алматыда өтетін форумды атап өтті.

«Алматыда өтетін форум және бұған дейін Астанада болған форумдар стартаптар мен шағын компанияларды, дарынды жастардың басын қосуда. Бұл жерде бір-бірімізден үйренер нәрсе көп. Осындай форумдардың арқасында бізде сәйкесінше дамып, алға жылжып отырамыз. Спикерлер стартаптарға дұрыс бағыт сілтеп, олардың қандай қателіктері бар екенін көрсететін болады. Сондықтан мұндай форумға келгеніме қуаныштымын»,-дейді С. Кьюстер. 

Сондай-ақ ол, Қазақстанға осымен бесінші рет келіп отырғанын және елімізбен тығыз байланыста жұмыс істейтінін айтып өтті.

«Қазір Астана хабпен жұмыс істеудеміз, олардың дамуына барынша қолұшымды берудеміз. Өз тәжірибемізбен бөлісіп, кеңестер беріп тұрамыз»,-деді ол.

С. Кьюстер сөз арасында Британия мен АҚШ-та екі компаниясы жұмыс істеп жатқанынжеткізді, айтуынша олар стартаптардың дұрыс бағытта жүруін бақылайтын полиция іспетті. Яғни, түскен инвестицияның басқа жаққа кетпей, көзделген мақсатта жұмсалуын қадағалап отыратын көрінеді.

Айтып өтсек, ертең Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0» атты форумда ЕАЭО мүше елдердің Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылайтын болады.

Әділет Мұсахаев

Сізден жаңалық