Бас жаңалықтар
Инклюзивті білім беру туралы үздік материалдың авторы анықталды
14 Мамыр 2021, 19:19 452

Инклюзивті білім беру туралы үздік материалдың авторы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада инклюзивті білім беру туралы үздік материалға журналистер мен әлеуметтік желілерді қолданушылар арасында «Әр бала мектепке баруға лайықты» республикалық конкурсының  жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс 5 номинация бойынша өткізіледі: телевизиялық жұмыс, әлеуметтік ролик, баспасөз бетіндегі жарияланым, интернет-мақала және интернет-жарияланым.

Конкурстың жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңге.

Конкурстың мақсаты – инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен және жан-жақты ақпараттық жариялау арқылы инклюзивті қоғамды, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыру.

Марапаттау рәсіміне «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің Құрметті мүшесі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. Марапаттау салтанаты барысында Бауыржан Байбек барша қатысушыларға «Әрбір бала мектепке баруға лайық» жобасын қолдағаны, сондай-ақ қоғамда ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету партия Лидері 2014 жылы бастамашылық еткен «Кедергісіз келешек» жобасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таныстырған «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының да басымдықтарының бірі болып табылады. Осыған орай 2025 жылға дейін бүкіл колледж бен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың 70%-не инклюзивтік білім беруді ендіруді қамтамасыз ету міндеті қойылды. Қазақстанда ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың саны 160 мыңнан асады, оның ішінде 35 мың бала аутизмге шалдыққан. Сондықтан «Болашақ» қоры 5 жыл бойы Инклюзивтік білім беруді насихаттау бойынша үздік материал республикалық конкурсын өткізіп келеді… Осынау іске бейжай қарамайтын барша меценаттарға, мамандар мен ата-аналарға арнайы рақмет айтамын. Қоғамдағы немқұрайдылық пен самарқаулықты сейілтіп, ерекше қажеттілігі бар әрбір баланы әлеуметтік ортаға тарта отырып, толерантты қарым-қатынас қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Қазақстанның 15 аймағынан барлығы 138 жұмыс келіп түсті. Конкурстың географиясы бүкіл Қазақстанды қамтыды десек болады: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар облысы, Атырау, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Орал, Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы, Талдықорған, Қызылорда облысы, Түркістан. 

Конкурсқа 15 облыстан 40-қа жуық БАҚ қатысқан. Аймақтық журналистердің осындай өткір әлеуметтік тақырыптарды жиі көтеріп жатқаны қуантады. Үлкен қалаларда ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуге жағдайлар мен мүмкіндіктері жеткілікті болғанымен, аймақтарда, шалғайдағы аудан орталықтары мен ауылдарда ерекше балалар білім беру жүйесінен тыс қалады. Өңірлерде инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін көтерген журналистер ерекше балалары бар жүздеген және мыңдаған ата-аналардың дауысына айналады – деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова.

Конкурс жеңімпаздары: «Nukte» медиа-кампаниясының журналистері, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының журналисі Орынгүл Махмұдова, «Хабар» телеарнасының журналисі Әмір Сәменбетов, «Панорама Шымкента» газетінің журналисі Галина Герман, «Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі Айдана Шотбайқызы, «Казахстанская правда» газетінің журналисі Әсет Қалымов, INFO TIMES, Peremena.media және «Strategy2050.kz» ақпараттық сайттарының журналистері Айжан Мәдиходжаева, Дия Батенова, Қайрат Жандыбаев, Динара Оразбекова. Сондай-ақ конкурстың жүлдегерлері Павлодар қаласының №6 орта мектебінің инклюзияны қолдау кабинетінің мамандары, Петропавл қаласының «Асыл Мирас» аутизм-орталығының мамандары, Қарағанды қаласының ПМПК қызметкерлері болды.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 2020 жылдан бастап конкурс ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараттық қолдауымен өткізіледі.

Қазылар алқасының мүшелері: ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, телевизия продюсері және журналист Ләйля Сұлтанқызы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, «Книга перемен» кітап-блокнот авторы, журналист Бота Байтукбаева, белгілі тележүргізушілер Ғалымжан Кеңшілік пен Ирина Тен.

Ұйымдастырушылармен келесі жылы өтетін байқаудың сыйлық қорын ұлғайту шешімі қабылданды.


Фото: дереккөз
Загрузка...