Инфляцияға қарсы шаралар әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандырады – министр

7 Қыркүйек 2021, 09:36
9551
Бөлісу:
Инфляцияға қарсы шаралар әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандырады  – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты. 

Антимонополиялық шаралар бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделген.Оның ішінде сауда үстемелерінің негізділігін бақылауға, бағалық сөз байласу белгілерін анықтауға және сауда-саттыққа қол жеткізуді шектеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Екінші бағыт шеңберінде 2024 жылға дейінгі орта мерзімді шаралар бойынша 28 іс-шара жоспарланған, - деді Ерғалиев.

Ол атап өткендей, бұл іс-шаралар тұрақтандыру қорларының жеткіліктілігін қамтамасыз ету, импорт алмасу жобаларын іске асыру шараларын, сондай-ақ бағаларды әкімшілік реттеуден кету және дезинфляциялық ақша-несие саясатын жүзеге асыру сияқты жүйелі шараларды қамтиды.

Инфляцияға қарсы әрекет ету шараларын тиімді іске асыру және олардың орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында Сауда және интеграция министрлігі  қарамағында тұрақты жұмыс істейтін операциялық штаб құру ұсынылады, оның құрамына орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары кіреді. 2021 – 2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасы әлеуметтік маңызы бар өнімдер  бағасының тұрақтандыруына әкеледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы