Бас жаңалықтар
Инфекционист дәрігер коронавирусты үш рет жұқтырғандар туралы айтты
04 Тамыз 2021, 17:50 441

Инфекционист дәрігер коронавирусты үш рет жұқтырғандар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында жоғары санатты инфекционист дәрігер Сәуле Атығаева хабарлады. Ол індет басталғалы коронавирус инфекциясын бірнеше рет жұқтырып алған науқастардың кездескенін алға тартты.

Дәрігердің айтуынша, вирусты қайталап жұқтырған сайын ауру ағымы да ауырлай түсетін көрінеді.

2020 жылғы наурыз айынан бастап біздің стационарларға үшінші рет вирус жұқтырып алған адамдар жүгінген жайттар кездесті. Аурудың әр жаңа жағдайы алдыңғысына қарағанда ауыр өтті, - деді инфекционист.

Сондай-ақ ауруға шалдығудың уақыт аралығы үш-төрт айды құраған. Науқас ауруға шалдыққанда аурудың қайта қозуы немесе қосалқы бактериялық инфекцияның қосылып кетуі де болуы мүмкін. Соған байланысты араға уақыт салып СOVID-19-дың ұзаққа созылған клиникалық көрінісі пайда болады деп отыр маман.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін вакцинациялаудың репродуктивті жүйе қызметіне келтіретін әсері қандай екендігі туралы жазған болатынбыз.


Фото: дереккөз
Загрузка...