Индустриялды аймақтар үздіксіз жұмыс істеуі қажет – Әйтенов

14 Қаңтар 2021, 22:26
1475
Бөлісу:
Индустриялды аймақтар үздіксіз жұмыс істеуі қажет – Әйтенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі М. Әйтенов «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақтары мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында 2020 жылы 345 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 3 жоба жүзеге асырылды. 2021 жылы 6 инвестициялық жобаны (306 жаңа жұмыс орны) іске қосу жоспарлануда. 

2016 жылы ашылған «Тассай» индустриялды аймағының аумағы бүгінде толық,  100 %- ға жұмыс істеп тұр. 2020 жылы 6 инвестициялық жоба іске асты. Биыл тағы 3 жобаны іске қосу көзделуде. Сондай-ақ, бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. 

Қала әкімі «Тассай» индустриялық аймағының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртудың 2-кезеңі бойынша тиісті бюджеттік өтінім беру, индустриялық, көлік-логистикалық аймақтың және арнайы экономикалық аймақтың жер учаскелеріне талдау жасалып, тиімді игерілуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар мерзімі өткен жер учаскелерін қайтару, жер учаскелерін іске асырылған жобаларға жеке меншікке беру бойынша ұсыныс енгізу, арнайы экономикалық аймаққа 50 жаңа жобаны тарту және жобалар пулын жасақтау бойынша нақты міндеттер жүктеді. 

Барлық индустриялды аймақтар үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Бұл – уақыт талабы. Сонымен бірге аймақтарды кеңейту, әрі қарай дамытуда нақты жұмыстар атқарылуы тиіс. Индустриялық аймақтағы мекемелерді жан-жақты сүйемелдеп отыру керек. Өндіріс үшін қолайлы шарттар жасау жеткіліксіз. Өнімнің ішкі нарыққа таралуы мен экспортына ықпал етуді қарастыру, ортақ бір платформада түйісуіне жағдай жасауымыз қажет, – деді қала әкімі. 

Жиында қала әкімі шикізатты шетелден тасымай, бәсекеге қабілетті отандық өнімдерді қолдану қажет екеніне де назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы