Бас жаңалықтар
Тоқаев индустрияландырудың үшінші бесжылдығындағы міндеттерді атады
13 Желтоқсан 2019, 13:17 7661

Тоқаев индустрияландырудың үшінші бесжылдығындағы міндеттерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыру кезінде алдыңғы қателіктерді ескеру қажет екенін айтты. 

2025 жылға қарай Үкімет алдында өңдеу өнеркәсібіндегі цифрлық технологияларды енгізген ірі және орта кәсіпорындар санын 200-ге жеткізу міндеті тұр. Бұл қиын міндетті Үкімет пен барлық атқарушы органдар "орындай алады" деген ойдамын. Мұның нәтижесі технологиялық дамудың қазіргі деңгейінен "ақылды өндіріс" деп аталатын деңгейге өтуге, яғни толықтай автоматтандыру мен роботтандыруға көшуді қамтамасыз етуі тиіс, - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы 2020 жылы басталатын үшінші индустрияландыру бағдарламасының міндеттеріне тоқтала кетті. 

Біз экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібін барынша жеке сектордың әлеуетін қолдану арқылы дамытуды таңдадық. Үшінші бесжылдықты іске асыру кезінде алдыңғы бесжылдықтарда жіберілген қателіктерді ескеру керек. Нақты өңдеу өнеркәсібін құрып, өңделген өнімдердің экспортын арттыру, шығарылатын өнімдерді технология тұрғысынан күрделендіру, сапалы жұмыс орындарын құру секілді келесі міндеттерді шешу қажет. Индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы экономиканы құрылымдық өзгертудің негізгі факторына айналып, мультипликативті нәтиже көрсетуі тиіс. Индустриалды саясаттың түпкі мақсаты – экономиканың теңдестірілген өсімі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Осыған жетуге мүмкіндігіміз бар, - деді Тоқаев.
Бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде әрбір сатылған екінші автокөлік отандық кәсіпорындарда өндірілетінін айтып өтті.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...