Бас жаңалықтар
Индустрияландыру картасы шеңберінде 33 жоба іске қосылды
22 Қазан 2020, 11:30 161

Индустрияландыру картасы шеңберінде 33 жоба іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылы Қазақстанның индустрияландыру картасы шеңберінде өңірлерде 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Осылайша 19 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылмақ.

Салалар бойынша айтатын болсақ, жаңа өндірістердің басым бөлігі АӨК мен тамақ өнеркәсібінде, яғни 76 жоба, құрылыс материалдары  бойынша 38 және машина жасау бағытында 19 жоба.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 9 айында 4,5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 33 жоба пайдалануға берілді.

Енгізілген жобалардың ауқымдылары:

1) «LindeGas» ЖШС, техникалық газдар өндірісі, Қарағанды облысы, (27,5 млрд теңге, 25 жұмыс орны);

2) «ModeX» ЖШС, көлемді-блоктық үй құрылысы зауытының құрылысы, Нұр-Сұлтан қаласы (15 млрд теңге, 130 жұмыс орны);

3) «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС (Хюндай Транс Қазақстан), Hyundai маркалы жеңіл автомобильдер шығаратын зауыт салу, Алматы қаласының индустриялық аймағы (25 млрд теңге, 700 жұмыс орны);

4) «Astana Food Storage» ЖШС Жамбыл облысы, Құлан агропаркінің құрылысы (16,5 млрд теңге, 300 жұмыс орны);

5) «ТАЛ Инжиниринг Казахстана» ЖШС, қасбеттік металл және пластик конструкцияларды өндіру бойынша зауыт салу, Нұр-Сұлтан қ. (1,6 млрд теңге, 143 жұмыс орны).

Естеріңізге сала кетейік, жобалардың негізгі бөлігін ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру көзделіп отыр.

Жалпы, жобалар кесте бойынша жүзеге асырылуда. Ағымдағы проблемалық мәселелер өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп шешілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...