Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны артты

17 Қаңтар 2021, 12:29
1968
Бөлісу:
Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұма күні Индонезияда болған жер сілкісінінен қаза болғандар саны 56-ға жетті, деп жазды Reuters.

Табиғи апаттармен күрес агенттігінің мәліметінше, Индонезияның батыс Сулавеси провинциясында орын алған екі жер сілкінісінің салдарынан 820 адам жарақат алып, 15 000 адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. 

Алғашқы жер сілкінісінің амплитудасы 6,2 балл болған, екіншісінікі 5,9 балл. Куәгерлердің сөзінше, табиғи апат орын алғанда бас сауғалап белгісіз бағытқа жүгірген тұрғындар да болды. 

Жер сілкінісінің эпицентрі батыс Сулавесидегі Мамуджи қаласының маңында болған. Жер асты дүмпулері түн ортасында сезіле бастаған. Зардап шеккендер санының көптігіне адамдардың сол уақытта ұйықтап жатуы да себеп. 

Өзгелердің жаңалығы