Индонезияда 400 жыл бойы тыныш жатқан жанартау атқылады

10 Тамыз 2020, 19:27
2524
Бөлісу:
Индонезияда 400 жыл бойы тыныш жатқан жанартау атқылады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияда Синабунг жанартауы атқылап жатыр, деп хабарлады Reuters.

Агенттіктің мәліметінше, жанартаудың күлі 5 километр биіктікке дейін көтерілген. Кейіннен жел көтеріліп, күл 30 шақырым аумаққа таралып кетіп, салдарынан ауылшаруашылық алқаптар зардап шеккен.

Жанартаудың атқылаған дыбысы күннің күркірегеніне ұқсады. Гүріл шамамен 30 секундқа созылды, - деді жергілікті тұрғын Фахрур Рози Паси.

Жанартау атқылаған жерге әскерилер жіберілді. Олар тұрғындарға алқаптар мен көшелерді тазалауға көмектесті. Алайда, қорқынышты табиғат құбылысына қарамастан өңірде эвакуация туралы сөз болмады. Тұрғындарға қорғаныс маскалары таратылып, мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес берілді.

Оқыс оқиғаға қатысты қаза тапқандар туралы ақпарат болмады. Азаматтық авиация басқармасы баспасөз хатшысының айтуынша, аталмыш елді мекенге рейстер әлі де ұшуда.

Айта кетейік, Синабунг жанартауы 400 жылдан астам уақыт бойы тыныш болған. Көп жылдан бері 2010 жылы ғана атқылаған. 2014 жылы жанартаудың жойқын атқылауы салдарынан 16 адам қаза тауып, ал 2016 жылы 7 адам көз жұмған болатын. Соңғы рет жанартау 2019 жылы атқылаған.



Өзгелердің жаңалығы