Индонезия астанасы 2024 жылы көшіріледі – БАҚ

24 Маусым 2019, 10:48
2899
Бөлісу:
Индонезия астанасы 2024 жылы көшіріледі – БАҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің басты әкімшілік орталығы сейсмологиялық қауіпсіз аймақ Калимантан аралында орналасады.

Индонезия билігі үкіметтік органдар жаңа елордаға 2024 жылы көшеді деп отыр. Бұл туралы жоспарлау және ұлттық даму министрі Бамбанг Броджонегоро The Jakarta Post басылымына сұхбат барысында айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, ел астанасын көшіру мәселесімен айналысатын бөлек құрылым құру жоспарланған.

«Келесі жылы бас жоспар заңнамалық деңгейде бекітіледі, ал 2024 жылы үкіметтік құрылымдар жаңа елордада жұмыс істей бастайды деп көздеп отырмыз», - деп нақтылады ол.

Ол бірнеше нұсқа қарастырылғаннан кейін астананы Ява аралынан Калимантанға көшіру шешімі қабылданғанын атап өтті.

«Нақты орнына келетін болсақ,ел президенті Джоко Видодо оны жыл соңына қарай хабарлайды», - деп қосты министр.

Индонезияның қазіргі астанасының қалалық инфрақұрылымның дамуымен байланысты айтарлықтай проблемасы бар. 2035 жылға қарай Джакарта әлемдегі халық ең тығыз орналасқан қала болатыны хабарланған.
Өзгелердің жаңалығы