Үндістанда коронавирусқа шалдыққандар саны 7 млн-нан асты

11 Қазан 2020, 18:23
1806
Бөлісу:
Үндістанда коронавирусқа шалдыққандар саны 7 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны бір күнде 74,3 мыңнан асты.

Тіркелген жағдайлардың жалпы саны 7,05 миллион адамнан асты, деп хабарлайды Үндістанның денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі.

Үндістан коронавируспен ауыратындар саны бойынша әлемде екінші орынды алып отыр. Коронавирус бойынша көшті 7,7 миллион науқаспен АҚШ бастап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, күніне 1 миллионнан астам тест нәтижелері бойынша дәрігерлер ауруды жеңген 89 мыңнан астам адамды анықтады. Соңғы мәліметтер бойынша коронавирустан қалпына келгендердің жалпы саны 6 миллион адамнан асты.

Ауруханаларда 867 мыңнан астам адам емделуде. Өткен тәулікте бұл сан 15,6 мың адамға азайды. Қайтыс болғандардың саны 108 мыңнан асты, бір күнде аурудан 918 адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы