Әлемде қатерлі індетті жұқтырғандар саны 1,5 млн-нан асты

9 Сәуір 2020, 09:22
989
Бөлісу:
Әлемде қатерлі індетті жұқтырғандар саны 1,5 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар 1,5 миллионнан асты.

Вирус жұқтырғандар саны жағынан АҚШ әлемде бірінші орында тұр. Мұнда 431 мың адамнан вирус табылған. Соңғы бір күн ішінде вирус жұққан 27 мыңнан астам адам анықталған. 1800-ден астам адам көз жұмған. Індет жайыла бастағаннан бері 14 800 науқас көз жұмған.

Екінші орында Испания тұр. Мұнда 148 мың тұрғыннан вирус табылған, 15 мың адам көз жұмған.

Италияда шамамен 140 мың адамнан вирус анықталған. 17 мыңы қайтыс болған.

Өткен жылы желтоқсан айының соңында Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрі тарай бастаған. Қытайда ресми дерек бойынша, 82 мың адам дертке шалдыққан. Үш мыңнан астам адам қайтыс болған. Жақында Қытай вирус ошағы Ухань қаласын қайтадан ашты. Кейбір сарапшылар Пекин коронавирус жұқтырғандар саны мен көз жұмғандар санын төмендетіп көрсетеді деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы