Індетке шалдыққан 255 адамның жағдайы ауыр

16 Ақпан 2021, 09:05
1308
Бөлісу:
Індетке шалдыққан 255 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 16 ақпанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.


16 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 733 адам короновирус инфекциясынан (14 113 КВИ+ және 8 620 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 090 пациент стационарда, 17 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 255 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 2021 жылғы 14 ақпандағы мәлімет бойынша 6 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 204 адам жазылып шыққан, - деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 48 700, өлім жағдайлары - 602, барлығы 39 478 адам сауығып шықты.


Өзгелердің жаңалығы