Індетке байланысты шетелдік жұмыс күшінің саны 3,2 есеге қысқарды

26 Маусым 2020, 10:40
1531
Бөлісу:
Індетке байланысты шетелдік жұмыс күшінің саны 3,2 есеге  қысқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда шетелдіктердің 60%-ы құрылыс, ауыл шаруашылығы және тау-кен саласында жұмыс істейді, ал олардың 52%-дан астамы Атырау облысында еңбек етеді.

Қазақстандағы шетелдік жұмыс күшінің жай-күйіне жүргізген талдаудың нәтижесі – ел экономикасына шет елдерден жоғары білікті және орташа білікті жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттар санының соңғы 3 жылда төмендегенін көрсетті.

Биыл шетелдік жұмыс күшіне берілген рұқсаттар саны 3,2 есеге қысқарған. Бұл көрсеткіш елде және әлемде COVID-19 пандемиясы аясында енгізілген карантиндік шараларға да байланысты.

Егер осы үрдіс сақталатын болса, тартылатын шетелдік жұмыс күші тек Қазақстанда ғана емес, өңірлік және жаһандық аспектіде де айтарлықтай төмендейді деген ықтималдық жоғары.

Бірінші жартыжылдықта, шектеу шаралары енгізілгенге дейін елімізде құрылыс қызметі, ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібі саласы шетелдік жұмыс күшіне ең мұқтаж салалар екені атап өтілді. Дәл осы салалар бірлесіп еліміздегі барлық шетелдік жұмыс күші санының 60%-дан астамын тартады. Тартылатын шетелдік жұмыс күші құрылымы әр өңірде әртүрлі және бірінші кезекте өңірдің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Негізінен кәсіпорындар жоғары білікті шетелдіктерді тартады. Тек ШҚО мен Алматы облыстарында ғана негізінен орташа білікті шетелдіктерді жұмысқа алады, - делінген хабарламада.

Республика бойынша шетелдікдерді жұмысқа батыс өңірлері ең көп тартады.

Мәселен, Атырау облысында тартылатын ШЖК-нің 52,5% шоғырланған. Сондай-ақ, ШҚО, БҚО, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары да шетелдік жұмысшыларды жалдайды. Бұл өңірлерде елімізге еңбек етуге келген азаматтардың 35,5%-ы тұрады. 2020 жылдың І-ші тоқсанында шекара асып, елімізге жұмыс істеуге келгендердің басым бөлігі Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Түркменстан мемлекетінің азаматтары. Қазақстанда енгізілген шектеу шараларына байланысты ағымдағы жылдың ІІ-ші тоқсанының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Бұл ретте, пандемия кезеңінде дами бастаған қашықтан жұмыспен қамту уақыт өте келе көші-қон процестерін, әсіресе, жоғары білікті шетелдік мамандар үшін жұмсаруы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде осы еңбек процестерді реттейтін тетіктерді әзірлеуді талап етеді, - делінген хабарламада.

Жүргізілген талдаудың нәтижесі экономиканы дамыту үшін елімізде дамыған кәсіби еңбек нарығын қалыптастыру қажеттігін тағы да көрсетті. Бұл ретте өңірлерге келетін шетелдіктердің санын белгілеген кезде сол өңірдің жергілікті еңбек ресурстарының нақты әлеуеті ескерілмей жатады.

Мәселен, тартылатын шетелдік мамандар арасында маусымдық қызметкерлердің үлесі ұлғаюда (соңғы үш жылдың динамикасы бойынша). Мұның себебі отандық жұмыс берушілерге заңнамада белгіленген әлеуметтік төлемдер мен аударымдарды талап
етпейтін, біліктілігі жоқ арзан шетелдік жұмыс күшін жалдау тиімді болуымен байланысты.



Өзгелердің жаңалығы