Қызылордада індет жұқтырған соңғы 8 науқас жайлы мәлімет

9 Сәуір 2020, 23:17
1091
Бөлісу:
Қызылордада індет жұқтырған соңғы 8 науқас жайлы мәлімет

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 8 науқасқа қатысты Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Ауру жұқтырғандардың алтауы Сырдария ауданында, екеуі Қызылорда қаласында тіркелді. Жас шамалары бойынша ең үлкені 1970 жылы туған ер адам, ең жасы 2002 жылы туған қыз бала. Барлығы коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған. Қазіргі сәтте ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр. Бүгінгі күнге дейін жүргізілген эпидзерттеу нәтижесі бойынша науқастармен байланыста болған 1174 азамат анықталды - делінген хабарламада.

Оның ішінде  тығыз қарым-қатынаста болғандар саны – 585, ықтимал қарым-қатынаста болғандар саны – 589 адам. 

Стационарларда медициналық бақылауға 545 адам алынды, үй жағдайындағы бақылаудағылардың саны – 629 адам. 

 09.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 100 адам анықталды: Қызылорда қаласында – 12 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшы ауданында – 4 жағдай, Шиелі ауданында – 52 жағдай, Сырдария ауданында - 14 жағдай, Арал ауданында – 2 жағдай.

Өзгелердің жаңалығы