Иманов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

2 Тамыз 2021, 10:59
1049
Бөлісу:
Иманов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 2-4 тамыз аралығында Иманов көшесінің Сембинов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығында автокөлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.



Өзгелердің жаңалығы