Imanbek Алматыда өтетін диджейлер форумына қатысады

21 Шілде 2021, 17:55
2415
Бөлісу:
Imanbek Алматыда өтетін диджейлер форумына қатысады

Алматы, BAQ.KZ. 28-29 шілде аралығында Алматы қаласында электронды музыканттарға арналған бірінші халықаралық «UYA Forum» онлайн-форумы өтеді.

 
Форум өзара іс-қимыл, білім мен тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң болады. Бұл форум өмірін электронды музыкамен байланыстыратын жас таланттар үшін пайдалы болмақ.

Форум Алматы қаласы әкімдігі және Қазақстан Үкіметі жанындағы креативтік индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсесінің қолдауымен «UYA» қауымдастығы ұйымдастырады.

 
Бірінші «UYA Forum» дәл осы жерде өтуінің символдық мәні бар, өйткені Алматы - 2017 жылғы қарашадан бастап музыка саласындағы ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалары желісінің бір бөлігі. Форум Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ және Еуропа спикерлерін, соның ішінде ди-джейлерді, саунд-продюсерлерді, менеджерлерді, промоутерлерді, электрондық және заманауи музыка, радиостанциялар мен теледидар өкілдерін жинайды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ форумға «Грэмми» марапатын жеңіп алған алғашқы қазақстандық – Иманбек Зейкенов қатысады.


Онлайн-форум аясында Қазақстандағы креативті экономиканың дамуын талқылау жоспарлануда, онда негізгі бағыттардың бірі - «музыка». Сонымен қатар музыкалық жобаны дамыту негіздерінен бастап монетизацияға дейін, халықаралық лейблдар мен паблишерлермен қарым-қатынас орнату, Иманбектің табыс тарихы және т.б. түрлі тақырыптарға шеберлік сыныптары өткізіледі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы