Imanbek MTV EMA премиясына номинацияланды

20 Қазан 2021, 18:48
1085
Бөлісу:
Imanbek MTV EMA премиясына номинацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық диджей және музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов MTV EMA премиясына номинацияланды.

Бұл жағымды жаңалықты музыкант өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Мені #BestMTVRussiaAct категориясында MTV EMA премиясына номинациялады. Дауыс беру процесіне аз қалды, - деп жазды ол.

Премия 14 қарашада Будапештте өтеді.

Еске салсақ, Иманбек Зейкенов америкалық әнші SAINt JHN-ның Roses әніне жазылған ремиксін YouTube-ке жүктегеннен кейін әлемге әйгілі болып кетті. 2021 жылдың наурыз айында ол Grammy-ге ие болды.

Өзгелердің жаңалығы