Имам-ұстаздар аттестациялаудан өтті

12 Қыркүйек 2020, 21:29
1100
Бөлісу:
Имам-ұстаздар аттестациялаудан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында қызметтегі және жаңадан қызметке қабылданған имамдар мен ұстаздар аттестациялаудан өтті, деп хабарлайды muftyat.kz.

Осыған орай бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов пен Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Түркістан облысына арнайы келіп, аттестациялау жүргізді.

Аттестациялауға аймақтың 16 ауданынан 76 қызметкер қатысты. Оның 4-еуі сынақтан өте алмады. Осыған орай имамдарға білім деңгейін көтеру қажеттілігі ескертілді.

Осы сапарында бас мүфтидің кеңесшісі Сарыағаш медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу орнының базасын аралап, оқытушылар құрамымен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы